Home Қоғам Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзін айтты

Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзін айтты

53
Бүгін, 2024 жылдың 6 мамырында экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Сотталушылар соңғы сөздерін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бишімбаев алқабилер сотын өткізу өз таңдауы екенін айтты.

«Мен үшін бұл таңдау қиын болды, өйткені мен түсіндім, біздің елде бұл мәселемен таныс емес адам жоқ шығар. Әлеуметтік желілерде және БАҚ-та маған қарсы өшпенділік тудыратын, істің мән-жайын бұрмалап, мені және менің отбасымды жамандауға бағытталған науқандарды ескере отырып, кез келген алқабидің маған қарсы пікір білдіруіне тәуекел ететінін түсіндім. Осыған қарамастан мен қорғаушыларыммен БАҚ өкілдеріне ашық және алқабилердің қатысуымен өтетін сотқа баруды ұйғардық», – деді сотталушы.

Өз сөзінде ол бір ғана маңызды мақсатты көздегенін, яғни сол қайғылы кеш туралы, Салтанат Нүкеновамен қарым-қатынасы туралы шындықты кем дегенде 10 адамға жеткізу.

«Алла Тағаланың қалауымен 10 адамның алдында сөз сөйлеп, менің сөзімді тыңдау сңдерге бұйырыпты. Бұл дүниеде бәрі белгілі бір себептермен болады және бәріміз де осы жердегі сынақтардан өтеміз. Ал біздің өмірімізде тоғысқан әрбір адам біз үшін сынаққа айналады. Егер Құдайға сенетін болсаңыз, мен болсам сенем, ол бізді сынайды. Қаласақ та, қаламасақ та, түсінеміз бе, түсінбесек те оның сынағынан күнде өтеміз. Ең жоғары адамгершілік құндылықтарға арналған сынақ», – деді Бишімбаев.

Оның ойынша, қарашаның 8-нен 9-ына қараған түні ол бұл сынақтан сүрінген.

«Мен өзімдегі, яғни әрбір адамның бойындағы бар жақсылықты қорладым, мен мұны терең түсінемін, мен өкінемін, күн сайын іс-әрекетім жақсы көретін адамымның өліміне себеп болды , ата-анасының қайғысының себебі екенін түсінем. Осы оқиғаға байланысты жүрегін ауыртқан барлық азаматтардан кешірім сұраймын. Ата-анамнан, туыстарымнан, достарымнан, балаларымнан кешірім сұраймын. Менің қателіктерім олардың кәріліктерін бұзып, өмірлеріне ұят, қайғы, уайым мен қорқыныш әкелді. Бірақ, ата-анам да, туыстарым да ешнәрсеге кінәлі емес дегім келеді. Бұл тек менің кінәм және тек менің ауыртпалығым», – деді ол.

Қуандық Бишімбаев қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі емес екенін айтты. Мүмкіндігі болса да,  жауапкершіліктен қашпауға, әрекетін жасыруға тырыспағанын алға тартты.

Өз кезегінде Бақытжан Байжанов егер Қуандық Бишімбаевтың қылмысын білгенде жасырмайтынын, тергеу басталғаннан бері мейрамхананы жауып, бейнебақылау камераларынан бейнежазбаны өшіріп, басқа да бұйрықтарды орындағанын жоққа шығармайтынын айтты.

«Мен білмедім деп ант ете аламын. Білсем, бұл әрекеттерді жасамас едім. Бұл әрекеттер қылмысты жасыру әрекеті ретінде қабылдануы мүмкін екенін тіпті елестеткен де жоқпын. Егер мен ізін жасыруға көмектессем, қасақана қылмыс болса, мен өзімді қорғау үшін жасамас едім, өзімді кешірмес едім», – деп қосты ол.

Байжанов Салтанатпен кездескендерін үнемі есіне алып, отбасы мен жақындарынан кешірім сұрап, көңіл айтты.

2 мамырда сот сот тергеуінің аяқталып, тараптар арасындағы пікірталасқа көшкенін хабарлады. Айыптаушы тараптың ұстанымын прокурор Айжан Аймағанова айтты. Артынша Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қазылар алқасына сөз сөйлеп, әділдік сұрады.

Сондай-ақ, сотта жәбірленушілердің адвокаты Жанна Уразбахова сөз сөйлеп, Бишімбаев пен Байжановтың қылмысқа кінәлі екендігі айыптау тарап ұсынған айғақтармен толық дәлелденгенін айтты. Заңгер Дамир Ишмаметов те осындай пікірде.

Қорғаушының ұстанымын Ләйлә Рамазанова айтты. Жарыссөзде заңгер Ерлан Ғазымжанов та сөз сөйледі. Ол Салтанат Нүкенованы өлтіруде Қуандық Бишімбаевтың еш пайдасы жоқ деп есептейді.

Сотта сөйлеген сотталушының анасы Альмира Нұрлыбекова Салтанат Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады. 3 мамырда Қуандық Бишімбаев жарыссөзде өз ұстанымын білдірді.

Пікірсайыс 2024 жылдың 4 мамырында аяқталды.

Алдыңғы жазбаТұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады
Келесі жазбаҚасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа қатысты