Плагиат дауына іліккен ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова ресми түрде қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР Үкіметінің Қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды» делінген ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.