Әділет министрлігінің өкілдері Bek Air әуекомпаниясының басшылары туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне «BEK AIR» ЖШС әуекомпаниясының құрылтайшыларына қатысты БАҚ-тың көптеген сауалхаты түсті.
Заңға сәйкес ЖШС-ның аффилирленген тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заң бойынша қорғалатын өзге де құпия ақпарат болып саналмайды. Бұл ретте ЖШС құрылтайшылары мен қатысушылары — оның үлестес тұлғалары», — деді Әділет министрлігінің өкілдері. «Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметінше, BEK AIR ЖШС 2011 жылдың 12 мамырында тіркелген. Басшысы — Монахов Владимир Михайлович, құрылтайшысы — Жарқымбаев Сәкен Тоқпайұлы. 2017 жылдың 18 сәуірінде құрылтайшының ауысуына байланысты (Шүленбаев Дамир Маратұлы) қайта тіркеу жүргізілді», — делінген хабарламада. «Үш рет басшы ауысқан. 2013 жыл 29 шілде — Жұмасұлтанова Айгүл Файзуллақызы, 2016 жыл 18 шілде — Жұмасұлтанова Дина Нұрланқызы. 2019 жылыы 25 сәуір — Бияхметов Рустам Ілиясұлы», — деп қосты министрлік өкілдері. Осыған дейін, Bek Air әуекомпаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов бұрындары авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру жөніндегі басқарманы басқарғаны айтылды.
.
































