Home Жаңалықтар Бакудегі наразылық: 60-тан астам адам ұсталды, полиция жолды жапты

Бакудегі наразылық: 60-тан астам адам ұсталды, полиция жолды жапты

50

19 қазанда Әзербайжан астанасы Бакуде рұқсат етілмеген митингі алдында полиция ондаған оппозиция белсендісін ұстады. Азаттықтың Әзербайжан қызметінің хабарлауынша, ұсталғандар арасында оппозициялық «Халықтық фронт» партиясының жетекшісі Әли Керимли де бар.

Журналист Хадиджа Исмаилованың хабарлауынша, полиция рұқсат етілмеген митингі орнына жеткізетін үш метро станциясын жапқан. Қаланың басым бөлігінде интернет бұғатталған. Бұған дейін қала әкімшілігі белсенділерге Баку орталығында митингі өткізуге рұқсат бермеген, «заң талаптарын орындамағандарды қылмыстық жауапкершілікке де тартуы мүмкін екенін» ескерткен.

19 қазанда оппозиция «митингі орны» ретінде белгіленген аумаққа жұрт жинала бастаған кезде полиция жиналғандарды ұстап, автобуспен алып кетті. Ресми ақпарат бойынша, полиция 60 адамды ұстады.

 

Алдыңғы жазбаОрбұлақ шайқасы: Тарихи қойылым
Келесі жазбаБиыл Ұлттық біліктілік тесті тұңғыш рет электронды форматта өтеді