Home Жаңалықтар Бакудегі халықаралық турнирде қазақстандық үш боксшы келесі кезеңге өтті

Бакудегі халықаралық турнирде қазақстандық үш боксшы келесі кезеңге өтті

48

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжанның Баку қаласында бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірінші күні рингке шыққан төрт қазақ боксшының үшеуі жеңіске жетті. Атап айтар болсақ, Абай Қуандықов, Сабыржан Бекбергенов және Алмасбек Әлібековтер келесі кезеңге жолдама алды. 

Өкінішке қарай, Нұрлан Сабыров жарысты әрі қарай жалғастыра алмайды. 

Еске сала кетейік, Бакудегі турнирге бас бапкер команданың екінші және үшінші нөмірді боксшыларын аттандырған болатын.

Алдыңғы жазба#Өзіңнен баста. 28 фильмді қазақ тілінде дубляждауға 5,8 млрд доллар жұмсалды
Келесі жазбаМұхтар Құл-Мұхаммед Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс комитетіне төраға болды