Home Жаңалықтар Ауру малдар көмулі қорымдарды да су шайған: БҚО ветеринария басқармасы түсініктеме берді

Ауру малдар көмулі қорымдарды да су шайған: БҚО ветеринария басқармасы түсініктеме берді

47
Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы Сібір жарасын жұқтырған малдардың өлексесі көмулі қорымдарды да су басқаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Бүгінгі күндері шалғай аудандарда ветеринарлық қызмет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өлген малдардың көзін жою бойынша жұмыстарды бастағаны нақтыланады.

«Облыстың ветеринария басқармасы бөлімі басшыларына осы ақпаратқа қатысты түсініктеме бере кетелік. Бүгінгі таңда 13 емес, үш қорым су астында қалып кетіп отыр, яғни Сібір жарасы қоздырғыштарының қызыл сумен таралу қаупі шындыққа жанаспайды, өйткені олардың барлығы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай: бетондалған және қоршалған. Қауіп жоқ», – деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Абзал Бралиев.

Басқарманың ақпараты бойынша, ветеринариялық қызметтер су тасқыны кезінде өлген жануарларды ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес көзін жою жұмыстарын жүргізуде және жағдай бақылауда.

Бұған дейін БҚО-да сібір жарасы бар мал қорымдарын да су алғаны хабарланған болатын.

Алдыңғы жазбаБҚО-да су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан 185 бала сауықтыру лагеріне барады
Келесі жазбаБҚО-да адамдарды эвакуациялаудың екінші кезеңі басталды