Home Жаңалықтар Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының қожайындары өз зілтеміршілерін қатыстыра алмайды – Спорт

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының қожайындары өз зілтеміршілерін қатыстыра алмайды – Спорт

36

2019 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Таиландта өтеді. Бірақ әлемдік додаға тай елінің зілтеміршілері қатыса алмайды.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ақпараты бойынша, көптеген таиландық зілтеміршінің допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетуіне байланысты IWF аясындағы сайыстарға бұл елдің спортшылары қатыса алмайды.

Соған қарамастан таиландтық федерация (TAWA) 16-25 қыркүйек арасында Паттайеде әлем чемпионатын қабылдамақ.

IWF атқарушы комитетінің Лас-Вегастағы отырысында жастар арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионаты Джидда қаласында (Сауд Арабиясы), ал жасөспірімдер арасындағы әлемдік біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді деп хабарланды.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба«Кенеттен болған өлім». Алматы облысында оқушы үзіліс кезінде қайтыс болды – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаФинляндия үкіметі отставкаға кетті – Жаһан