Home Жаңалықтар Астанада сауда орталығында әйелдің үстіне пальма құлап кетті – Тосын жай

Астанада сауда орталығында әйелдің үстіне пальма құлап кетті – Тосын жай

42

Желіде Астанадағы сауда орталықтарының бірінде декор пальмасы эскалаторға құлаған видеосы жарияланды. Осының салдарынан сатып алушылардың бірі зардап шекті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 8 наурызда шамамен 18:00-де болған. Видеода әйелді пальма басып қалғанын түсірілген. Сатып алушы әйел өздігінен тұра алмаған. 

Астана полицейлерінің мәліметінше, осы дерекке қатысты сотқа дейінгі шаралар ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы («Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету») бойынша жүргізіліп жатыр екен. 

«Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталатын болады», – деді Астана ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Зардап шеккен әйел дене жарақатымен № 2 қалалық ауруханаға жеткізілді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба«Қазақстан аруы» байқауының тарихындағы ең сұлу қыздар – Мәнер
Келесі жазбаАстанада әйелдің үстіне пальма құлады: сауда орталығы мәлімдеме жасады – Тосын жай