Home Жаңалықтар Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды – Ел жаңалықтары

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды – Ел жаңалықтары

33

Астанада 8 наурызда таңертең және күндіз боран соғып, көктайғақ болады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

2019 жылғы 7 наурызда 21.00-ден 21.00-ге дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

«8 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр. Астана: 8 наурызда таңертең және күндіз боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Дауылдың ықтималдығы-90 пайыз», – делінген хабарламада.

15.37 жағдай бойынша жүк автомобильдері үшін Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолдары 180-ден 232 шақырымға дейін және Өскемен – Зырян – Рахман қайнарлары 46-ден 66 шақырымға дейін жабық. Әулиекөл селосы – Ақмола облысының шекарасы учаскесінде бұрқасын және көрінудің шектелуіне байланысты қозғалыс шектелді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚостанай облысында ауыл тұрғындарына қасқыр шапты – Тосын жай
Келесі жазба«Қиын болса да жымию керек». Назарбаев қазақстандық ерлік жайлы айтты – Ел жаңалықтары