Home Жаңалықтар Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды – Ел жаңалықтары

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды – Ел жаңалықтары

47

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Астанада 5-7 наурызда кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр, түнде екпіні секундына 23 метр.

Сонымен қатар, 5 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында боран, тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 23 метр.

Петропавлда 5 наурызда боран соғып, оңтүстік-батыстан 15-20 метр секундына жел соғады.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАлматыда ер адам тұрғын үйдің консьержіне шабуыл жасады – Тосын жай
Келесі жазбаПолторанин байланысқа шықпай жатыр – СІМ – Спорт