Home Жаңалықтар «Астана LRT» компаниясының ақшасын жымқырғандар анықталуда

«Астана LRT» компаниясының ақшасын жымқырғандар анықталуда

34

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров ОКҚ өткен брифингте «Астана LRT» компаниясының қаржысын жымқыру туралы қылмыстық істің жаңа детальдарын атады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, қылмыстық іс аясында жедел-іздеу шаралары жұргізіліп, тиісті сараптама тағайындалған.

«Өндірісте «Астана LRT» ісі ерекше бақылауға алынған. Іске қанша адамның қатысы барын айта алмаймын. Қатыстылар анықталуда. Шешім тергеу аяқталған соң қабылданады«, – деді Биғайдаров.

Тергеушінің айтуынша, негізгі күдіктілер – «Астана LRT» ЖШСнің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан және оның орынбасары.

«Мен олардың тегін айта алмаймын. Сараптама нәтижесін күтіп отырмыз. Ұрланған ақшаның сомасы анықталуда«, – деп түйіндеді спикер.

Естеріңізге салсақ, Ардан төраға қызметін 2017 жылдың шілдесінде босатып, тергеу басталмай тұрып Қазақстаннан шығып кеткен.

Ақша ұрлау дерегі шыққан соң, Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы агенттіктің тергеушілері қылмыстық іс қозғаған. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

 

Алдыңғы жазбаБокстан ӘЧ: Бекзат Нұрдәулетов әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңді
Келесі жазбаБоксшы Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионы атанды