Home Басты жазба Ақтау сотының төрағасы неге ұсталды?

Ақтау сотының төрағасы неге ұсталды?

59

Ақтау сотының төрағасы неге ұсталғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР ҚПК 550-бабына сәйкес Бас прокурормен келісілген соталды тергеу шеңберінде Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау сотының төрағасын ұстады.

«Ол сенімді адамы – Ақтау тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат алған.

Жоғарыда аталған қылмысқа қатысушы қамауға алынып, Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Алдыңғы жазбаҚазақстанның қауіпсіздік күштері ірі қылмыстық топты жою мақсатында арнайы операция жүргізді
Келесі жазбаТоқаев Конго президентінің жеке өкілін қабылдады