АҚШ «әл-Каида» лаңкестік ұйымының негізін қалаушы Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладен жайлы мәлімет бергендерге миллион долларға дейін сыйақы беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің сайтында айтылады, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Ол 2015 жылдың тамыз айынан бастап өзінің ізбасарларын АҚШ-қа және батыстағы елдерге шабуыл жасауға шақырып, Интернетте аудио және видеохабарламалар таратқан», – делінген сайтта.
Америкалық дереккөздің мәліметінше, Хамза бен Ладен әкесінің өлімі үшін кек аламын деп қорқытқан. Мемлекеттік департаменттегілердің айтуынша, Хамза бен Ладен «Әл-Каида» лаңкестік ұйымына 2015 жылы ресми түрде кірген.
Ал РИА Новости мәліметінше, ол қазіргі уақытта Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында немесе Иранда жасырынып жүруі мүмкін.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz