Home Жаңалықтар Ақордада жаңа Президенттің қатысуымен жиын өтті – Ел жаңалықтары

Ақордада жаңа Президенттің қатысуымен жиын өтті – Ел жаңалықтары

79

Бүгін Ақордада Президент Әкімшілігі басшылығының қатысуымен жиын өтті. Оған Президент Әкімшілігінің Басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ Президенттің көмекшілері қатысты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Жиын барысында ішкі және сыртқы саясат, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Қазақстан Президенті осы саладағы және халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін маңызы бар басқа да салалардағы бағдарламаларды сапалы орындауға баса мән берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағыттар бойынша туындайтын проблемаларды шұғыл әрі тиімді шешудің маңыздылығын айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы тиісті жұмыстарды үйлестірудің маңыздылығына тоқталып, Президент Әкімшілігіне барлық тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаТоқаев мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаТоқаев Маминді қабылдады. Президенттің бірінші тапсырмасы – Ел жаңалықтары