Даниялық стартап Organic Basics жаңа технология ойлап тапты. Оның арқасында іш киімді апталап киюге мүмкіндік пайда болды, – деп хабарлайды Futurism.
Қарапайым іш киімге тері сіңіп қалған уақытта, ол жағымсыз иісті бактерияларға тиімді мекен болады. Дат ғалымдары ойлап тапқан бұл тауар жаңа қалпын біраз уақыт ұстап тұра алады. Бұл үшін олар күміс хлориді бар арнайы қоспаның арқасында жасаған.
© Organic Basics
Ойлап тапқыш автордың айтуынша, бұл тауар қоршаған ортаға қамқорлық етуші жандар үшін өте тиімді. Себебі біз әрдайым киімді жуған сайын, суды ысырап етіп, кір жуғыш заттармен суды ластаймыз.
Алайда жаңа тауарды киіп көргендер, екі күннен соң жағымсыз иіс шыға бастағанын айтқан. Соның өзінде адам баласы бір киген киімді апталап киюге дағдыланбаған.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz