Сайын көшесінің жылдамдық тәртібіне өзгерістер енгізілді.
Бүгін сағат 00:00-ден бастап әл-Фараби мен Шығыс айналма жолында шекті рұқсатты жылдамдық сағатына 80 шақырым болып өзгерді. Тек екі учаскеде – Бағанашыл ықшамауданына бұрылатын жер мен Кіші Желтоқсан көшесінің тұсында бұрынғыдай жылдамдық шектеуі 60 болып қалды.
– Біз Сайын көшесіне қосымша сараптама жүргізіп, ол көшеде де рұқсатты жылдамдықты 80-ге дейін арттыруды шештік. Камералар қайта бапталды, жол белгілері кешке дейін ауыстырылады, – деді Алматы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұратәлиев.