Home Жаңалықтар Алматыдағы тікұшақ апатының негізгі себептері аталды – Ел жаңалықтары

Алматыдағы тікұшақ апатының негізгі себептері аталды – Ел жаңалықтары

36

Алматыда Sky Service әуекомпаниясы тікұшағының құлауына үш себеп болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов айтты,  – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ұшақ сағат 16.08-де құлаған. Ал ұшқыш соңғы рет байланысқа сағат 16.05-те шыққан. Жұмасұлтанов қазіргі уақытта апат болған жерде тергеу шараларының жүргізіліп жатқанын айтты.

«Үш нұсқа қарастырылып жатыр. Техникалық ақау, адамдық фактор (ұшуды басқарудағы қателіктер) және қолайсыз ауа райы. Әзірше осы үш нұсқа. Өздеріңіз көрдіңіздер ғой, тұман болды: 150 метр жерге дейін жол көрінбеді», – деді Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы.

Жұмасұлтанов тікұшақтағы нысанды бақылау құралдары ақаусыз дұрыс жұмыс істеп тұрғанын айтып өтті.

Еске салайық, кеше, 17 қаңтарда Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлағаны хабарланған болатын. Бұрынғы ұшқыш Стальбек Әлімқұловтың ойынша Алматыда тікұшақтың құлауына таңнан бері тұрған қалың тұман себеп болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Тікұшақ апатынан қаза болған ұшқыштың кім екені анықталды

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАлматыда тікұшақ апатынан кейін Sky Service компаниясының жұмысы тоқтатылды – Тосын жай
Келесі жазбаАлматыдағы тікұшақ апатының негізгі нұсқалары аталды – Ел жаңалықтары