14 тамызда Алматының Наурызбай ауданында сел жүріп өтті. Оқиға орнынан Zakon.kz тілшісі суреттер мен видео жариялады.
Наурызбай ауданы тұрғындарына таңертең құжаттарын жинап, жақын маңдағы эвакуациялық пункттерге жиналуға кеңес берілді.
Эвакуациялық пункттер:
- Ескі әкімдік. Жандосов – Рысқұлов;
- Шәймерденов көшесіндегі 175 мектеп;
- 158 мектеп. Жандосов – Яссауи.
Селдің қаупі әлі басылмай тұр.
14 тамызда таңғы 06 сағат 20 минутта Қарғалы өзенінің №1 бассейні тасыған, өзен суы 5 метрге төмендеген, сыртқа аққан судың көлемі – 20 мың текше метр.
Қазіргі уақытта Тау Самалы (Каменка) ықшам ауданы жабық. Оқиға орнына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барды.