Home Жаңалықтар Алматыда жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жетті – Ел жаңалықтары

Алматыда жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жетті – Ел жаңалықтары

50

Алматыда 20 сантиметр қар түсті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Табиға ресурстар басқармасына сілтеме жасап.

Басқармадағылардың мәліметінше, Алматыда 12 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап қар жауған.

«Таңғы сағат 08.00-дегі жағдай бойынша қардың қалыңдығы 10 сантиметр болды, ал таулы аймақтарда қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жетті», – делінген хабарламада.

Көктайғақтың  алдын алу үшін кешкі уақыттан бастап 155 құмшашыратқыш жұмылдырылды.

Сондай-ақ, басқармадағылардың мәліметінше, 2450 тонна тайғақсыздандыру материалы қолданылды.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚазақстан Ресейден бензин импорттауды уақытша тоқтатады
Келесі жазбаЕлімізде қызылшаның 968 жағдайы тіркелген – Ел жаңалықтары