Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлады. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Иә, растаймыз. Осындай жағдай болды. «Алатау» шипажайының аумағында болды. Салонда бір адам — ұшқыш болды — ол қаза тапты. Тікұшақтың кімге тиесілі екені әлі анықталмады», — деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
































