7 ақпан бейсенбі күні Алматы уақытымен сағат 12.55-те ескерту жүйесінің техникалық дайындығы тексеріледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеру кезінде «Назар аударыңыздар!» деген бірыңғай ескерту дабылы электр сирені арқылы қосылып, телеарна мен радиоларға автомат түрде хабар келеді.
Алдағы уақытта тексеріс айдың бірінші бейсенбісінде сағат 12.55-те болады, ал мереке күнге түсіп қалған жағдайда ол келесі бейсенбіге ауыстырылады.
Осыған байланысты департамент өкілдері Алматы тұрғындары мен қонақтарын сабырлыққа шақырды.
Сурет: Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz