2024 жылы Алматы жолдарына қосымша 1000-нан аса «Сергек» камерасын орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы оңтүстік астананың цифрландыру басқармасы хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабынд, «Алматы жол қозғалысын талдау және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің интеллектуалды жүйесі» жобасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімі жасалды.
«Келісім бойынша қазіргі уақытта Алматыда 1341 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (7894 бейнекамера) орнатылған. 2024 жылы қосымша 300 кешен (1200 бейнекамера) орнату жоспарланған», – деп хабарлады ведомство.