Home Жаңалықтар Алматы орталығында атыс болды: Күдіктілер ұсталды – Қылмыс

Алматы орталығында атыс болды: Күдіктілер ұсталды – Қылмыс

49

Алматы орталығында атыс болды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға 7 наурызда кешкі уақытта Бостандық ауданында болған. Instagram желісіндегі kris_p_brothers парақшасында оқиғаның видеосы пайда болды.

Видео кадрларынан Gelandewagen көлігінің маңында ер адамдардың сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Бірақ бірде оларға қолында тапаншаға ұқсас заты болған белгісіз біреу келеді. Артынша барлығы тарап кетеді.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, оқиға Сәтбаев пен Байзақов көшелерінің қиылысында болған. Полициядағылардың мәліметінше, төрт күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба«Президент жастарға кеңес берді». Назарбаевтың мұрағаттағы видеосы жарияланды – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаМәскеуде маугли қыз табылған пәтердің видеосы жарияланды – Жаһан