Home Қоғам Алматы облысындағы аудандардың бірінің әкімі ұсталды

Алматы облысындағы аудандардың бірінің әкімі ұсталды

31

Алматы облысындағы аудандардың бірінің әкімі ұсталды. Ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы Іле ауданының әкімі билікті асырды және лауазымдық өкілеттерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

«Соталды тергеу аясында Алматы облысының аудан әкімі және басқа да тұлғалар әшкереленді. Соттың санкциясы бойынша аудан әкімі қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр»,- деп хабарлады ведомство.

60 жастағы Бағдат Қарасаев Алматы облысы Іле ауданының әкімі болып 2018 жылдың наурыз айынан бері қызмет етіп келеді.

Алдыңғы жазбаАлматы облысында кәмелетке толмаған балаларды сатқан
Келесі жазбаҚазақы тазыны әлем мойындады