Home Жаңалықтар «Алғашқы және соңғы демократиялық сайлау»

«Алғашқы және соңғы демократиялық сайлау»

39

Алаш Орда ұлттықтерриториялық автономиясыүкіметінің мүшелері Алаш қаласына (Заречная Слободка, Семей) көшіп келіп қоныстанған 1918 жылы.

Қазақстан билігі биыл маусымда тағы біркезектен тыс президент сайлауынөткізгелі жатыр. Постсоветтік елдегі бұғандейінгі сайлаулардың ешбірінхалықаралық ұйымдар «еркін» дептаныған емес. Осы тұста Азаттық советтіккезеңге дейінгі Қазақстанда өткен алғашқыжәне соңғы ашық сайлаудың тарихынаүңіліп көрді.

1917 жылы желтоқсан айында «қазаққырғызбилігін қолына алғанын» мәлімдеген Алаш Ордаүкіметі Ұлт кеңесінің төрағасын сайлады. Көпшілік дауыс алған Әлихан Бөкейхан үкіметпен кеңес төрағасы болып сайланды.

Азаттық тілшісімен сөйлескен зерттеушілердіңайтуынша бұл сайлау «бұрынғы хандық дәстүргесүйенбеген, патшалық Ресейдің ескі заңдарынанқұтылған, қазақ халқына сайлау құқығын беріп, демократиялық дәстүрмен өткізген алғашқысайлау». Сайлаудан кейін көп ұзамайбольшевиктер билікті күшпен тартып алған соңбұл процесс тоқтап қалды.

АЛАШ ОРДАНЫ ҚҰРУ

1917 жылы Ресейдегі ақпан төңкерісінен кейінпатша өкіметі құлап, бұрынғы Ресейимпериясының аумағында әртүрлі саяси күшпайда бола бастағанда қазақ оқығандары бірігіп, қазақ жерінің билігін қолға алуға тырысты. Солжылы қарашада жарияланған «Қазақ» газетінің«Ел қорғау» деп аталатын үндеуі бұл оқиғалардыбылайша сипаттайды:

«Қазақ» газеті.

«Қазақ орысқа қарамай тұрған шағында елбасына дау келсе, халық құқығын қорғайтынбилері болған, елге тиер жау болса, халықтыңмалмүлкін, жерсуын қорғайтын батырларынаерген азаматтары болған. Россия қол астына кіріп, қолтығына тығылып, паналағаннан кейінбіздің құқық, малмүлік, жерсуымызға, Россияның өзі болмаса, басқалар батып тие алғанжоқ…. Қазірде бізге басыңды, мал
мүлік, жерсуыңды қорғама деп тиятын Россия жоқ, панаболып қорғарлық Россия да жоқ».

Алаш Орда тарихын зерттеуші Мәмбет Қойгелдіосы бір аласапыран кезең туралы «Бүкілимперияны қамтыған саяси тұрақсыздықжағдайында сол тұстағы Орынбордашоғырланған қазақ оқығандары өзара кеңесқұрып, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелергебайланысты бір тұжырымға келу үшін жалпықазақ съезін құру туралы шешім қабылдап, оныұйымдастыру ісін бес адамнан тұратын комиссиямойнына алды» деп жазады.

Автордың айтуынша, «съезде Ұлт кеңесін құрукерек. Оның әр облыста бөлімі боларға керек. Ұлт кеңесіне халық сенімді адамдарын сайлап, іс жүргізбек керек» деген бастама 1917 жылдыңқараша айында жиі көтерілген.

– Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанның 5-індеОрынборда қазаққырғыз съезі ашылды. ОғанҚазақстанның барлық облыстарынан, одан тысжерде тұратын Алтай губерниясы мен Самарқандоблысынан және Қырғызстаннан барлығы 82 өкіл қатысты, – дейді зерттеуші Мәмбет Қойгелді.

Тарихшы Мәмбет Қойгелді.

Осы съезде қазаққырғыз автономиясын «Алаш»деп атау, милиция құру, оқу білім, ұлт қазынасы, мүфтилік, сот, азықтүлік мәселесі және Ұлткеңесін сайлау мәселесі күн тәртібіне қойылған.

БӘСЕКЕЛЕС ШАҚЫРУ

Алаш тарихын зерттеушілер съезді ұйымдастырушылардың бірі ӘлиханБөкейханның беделі қазақтың өзгеоқығандарынан жоғары екені таластудырмағанын, соған қарамастан Ұлт кеңесітөрағалығына жалғыз өзінің дауысқа түсудіқаламағанын айтады.

Алаш орда жетекшісінің өмірі меншығармашылығын зерттеуші Сұлтанхан АққұлыӘлихан Бөкейхан Ұлт кеңесі төрағалығынаөзімен бірге дауысқа түсу үшін сол кездегі Бөкейордасының сыйлы адамы, ақын ШәңгерейБөкеевті арнайы шақырған деп санайды.

Зерттеуші Сұлтанхан Аққұлы.

– Ол туралы Нұғыман Манаевтың 1933 жылыҚызылордада жарық көрген кітабында айтылған. Әлихан Бөкейхан 1917 жылы «қазақ съезінөткізуге дайындалсын, Бөкей ОрдасындағыШәңгерей Бөкеев жиналыс өткізіп, съезге делегатболсын, кейін Ұлт кеңесінің төрағалығынадауысқа түссін» деген хабар жіберген. ШәңгерейБөкеевке сәлем жетпей қалған, – дейді ол.

Тарихи деректерде Әлихан Бөкейханның БөкейОрдасынан Бақыткерей Құлмановты да сайлауғашақырғаны көрінеді. Съезд соңында Ұлткеңесінің төрағалығына Әлихан Бөкейханнан өзгеБақыткерей Құлманов пен Ақмола өңіріненАйдархан Тұрлыбаев ұсынылған. СанктПетербург университетінің шығыс тілдеріфакультетін бітірген Бақыткерей Құлманов осы съезд төралқасының төрағасы болған.

Облыстық комиссар Бақыткерей Құлмановтыңхалықты сайлауға шақырған үндеуі. «Ұран» газеті, 9, 9 қазан, 1917 жыл. Сурет Qazybek Quttymuratuly есімдіқолданушының Facebook-тағы парақшасынан алынған.

Съезді ұйымдастырушылардың бірі СанктПетербург университетінің заң факультетінбітірген Айдархан Тұрлыбаев Ақмола облыстыққазақ комитетінің төрағасы, Алаш орда Ұлткеңесінің мүшесі болып сайланған.

– Бұл екеуі де Мемлекеттік думада депутатболған, оларды Әлихан Бөкейхан жақсы таныған. Әлихан Бөкейхан жалғыз түссе де, сайланар еді, бірақ ол автономияның, елдің басшысыдемократиялық дәстүрмен сайланғаны дұрыс депсанады. Сөйтіп екі есе көп дауыспен сайланды, –дейді Сұлтанхан Аққұлы.

Зерттеуші жалпықазақ съезіне келген 43 делегатсол кездегі Бүкілресейлік құрылтай жиынынаделегат болып сайланғандар, сондықтан бұлсъезді легитимді съезд, Әлихан БөкейхандыАлаш үкіметінің заңды жолмен сайланғанлегитимді басшысы деуге толық негіз бар депсанайды.

Алаш орда тарихын зерттеушілердің бірі БолатМүрсәлім де осы пікірді қостайды. Оның сөзінше, Әлихан Бөкейхан өзін «көсеммін, ұлттыңкөшбасшысымын» деп санамаған.

Әлихан Бөкейханның «тірі жүрсем, қазаққақызмет қылмай қоймаймын» деген сөзі бар, бұл іштей жауапкершілігі. «Төраға мен болуымкерек, мен ғана билік басында болуым керек»деп айтпаған. Сондықтан оның беделдіазаматтардың бәрін сайлауға түсуге шақыруы көзалдау үшін жасалды деп ойламаймын, – дейді ол.

Зерттеуші Болат Мүрсәлім.

«ӘЛИХАН АЙТТЫ, БІЗ КӨНДІК» ДЕГЕНБОЛҒАН ЖОҚ»

Тарихшы Мәмбет Қойгелдінің зерттеуінде «Ұлткеңесінің төрағасын сайлау кезінде ӘлиханБөкейхан – 40, Бақыткерей Құлманов 19, Айдархан Тұрлыбаев 20 дауыс алды» депжазады.

Зерттеушілер Сұлтанхан Аққұлы мен БолатМүрсәлімнің айтуынша, дауыс қорытындыларытуралы съездің хаттамасынан өзге, дауыс берупроцесінің қалай өткені жайлы жазба деректержоқ.

«Әлихан Бөкейханның беделі зор бола тұраБақытгерей Құлмановтың 19, АйдарханТұрлыбаевтың 20 дауыс алғанысайлаудыңтартысты өткенін білдіре ме?» деген Азаттықтілшісінің сұрағына Сұлтанхан Аққұлы мен БолатМүрсәлімнің жауаптарында қайшылықбайқалды.

Қазақ оқығандары арасында руға, жүзге, жергебөлінушілік болмаған еді. Бірақ төрағасайлағанда аңғарылғандай болды. Ақмолаоблысынан сайланған делегаттар АйдарханТұрлыбаевты, ал батыс өңірден келгендерБақытгерей Құлманұлын қолдаған сияқты. Бірақбәрібір Әлихан Бөкейханұлы көп дауыс алды, – дейді Сұлтанхан Аққұлы.

Зерттеуші Болат Мүрсәлім бұл пікірмен келіспей, съезге келгендер ру деңгейінен ұлттық деңгейгекөтерілген адамдар деп санайды.

Әлихан Бөкейхан беделі зор бола тұра неге 98 пайыз дауыс алмады? Өйткені төраға съездсоңында сайланды. Оның алдында «Алаш Ордаавтономиясын қазір жариялау керек пе, жоқ па»деген мәселеде тартыс күшті болды. Делегаттардың Жаһанша Досмұхамедов бастағанжағы «қазір жариялау керек» десе, ӘлиханБөкейхан жағы «кейінге қалдыра тұруды»ұсынды. Бұл да [Бөкейханұлының басымкөпшілік дауысын алмауына] әсер еткен болуымүмкін, – дейді Болат Мүрсәлім.

Алайда Болат Мүрсәлімнің сөзінше, автономияны жариялауды қолдаған, қарсыболған және қалыс қалғандардың ешқайсысы бірөңірден немесе бір рудан шыққандар емес.

– Съезде «Әлихан айтты, біз көндік» деген басшұлғу болған жоқ. Көп мәселе қызу талқыланып, пікір еркіндігі сақталды, әркім сайлау құқығынтолық пайдаланды. Балама кандидат ұсынып, сайлау өткізіп түр көрсету болды депесептемеймін. Сондықтан бұл таза легитимді, бүкіл халықтың еркін көрсеткен сайлау болды, – дейді Болат Мүрсәлім.

Зерттеушінің сөзінше, сол уақыттағы қазақбаспасөзінде «осы сайлау әділ өтпеді» деген сөзболмаған. Алаш орданың съезінен бөлекБүкілресейлік құрылтай жиналысына сайлауөтіп, оған кімнің қалай қатысқаны, қаншадауысты қалай алғаны жайлы қазақ баспасөзіндежиі хабарланған.

1917 жылы желтоқсан айында құрылған АлашОрда үкіметінің қызметі баянды болмады. 1918 жылдың бас кезінде қазақ даласындабольшевиктер күшейіп, Алаш партиясы мен Алаш орда үкіметін таратты. Алаш қозғалысынабелсене қатысқандардың барлығы сталиндікқуғынсүргінге ұшырады. Алаш қозғалысыныңжетекшісі, Алаш Орда үкіметі мен Ұлт кеңесініңтөрағасы Әлихан Бөкейхан 1937 жылы атылды.

Асылхан МАМАШҰЛЫ    Дерек көз. azattyq.org

Алдыңғы жазбаӘйелің әнші болмасын…
Келесі жазбаТоқаев: Полиция реформасының мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау