Home Жаңалықтар Әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін

Әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін

42

Гарвард университетінің эпидемиологы Марк Липсич бір жылдан соң әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды ScienceMag.

«Болашақта осы вирусты жұқтырғандарда ешқандай белгі болмауы мүмкін. Аурудың ешқандай белгілері байқалмай, адам өзін бірден нашар сезінеді», – дейді ғалым.

Оның айтуынша, бүгінде коронавирус өте тез таралып жатыр.

«Мысалы, СOVID-19 вирусы АҚШ-та бүкіл елде тарауы үшін 100-200 адам осы вирусты жұқтырса болғаны. Алдағы жылы әлем халқының 40 пайызынан 70 пайызына дейін вирус жұқтыруына жол беріп отырмыз, яғни 5,3 миллиард адамға дейін осы вирусты жұқтыруы мүмкін», – дейді Марк Липсич.

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Ухандағы белгісіз пневмонияның белең алуы туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады – бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді – COVID-19.

Алдыңғы жазбаМинистрлік Дулат Ағаділді полицейлер неге «түнде» алып кеткенін түсіндірді
Келесі жазбаҚР Президенті: Мемлекет тарапынан отандық БАҚ-қа қолдау көрсетіле береді 7