Home Жаңалықтар «Әкем жұмыстан келгенде». Отбасының биі Қазнетті тәнті етті – Бір үзік

«Әкем жұмыстан келгенде». Отбасының биі Қазнетті тәнті етті – Бір үзік

37

Қазнетте ересек адамның балаларымен билеген сәтінде түсірілген видео танымал бола түсті, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Видео Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде «Әкем жұмыстан келгенде» – деген атпен пайда болды. Видеода ер адам сырт киімімен бөлмеге кіріп келіп, балаларымен билей кетеді. Басында ол қыздарымен билеп, артынша ұлымен билейді. Сосын ол үстел үстінде отырған сәбиіне би билеп береді. 

«Көз тимесін», «Осындай отбасыларды көрген бір марқайып қаласың», «Міне нағыз бақытты отбасы», – деп жазды пікір қалдырушылар. «Бұған үздіксіз қарай беруге болады», «Қайталап көруден шаршамаймын», «Ер адамдар осыдан сабақ алса екен», – деп жазды басқалары. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаШымкентте 13 жастағы жасөспірім екі баланы өрттен аман алып қалды – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаСу басу қаупі жоғары өңірлер аталды – Ел жаңалықтары