Home Руханият Аида Балаева баршаны ауыл кітапханаларына кітап сыйлауға шақырды

Аида Балаева баршаны ауыл кітапханаларына кітап сыйлауға шақырды

153
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз әріптестерін «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акцияға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткені белгілі. Президент өз сөзінде: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек» деген болатын. Осы орайда, «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акция бастадық».Аида Балаева

Министр жекелей өзі Абай Құнанбайұлының ауылы Қарауылға және Қаныш Сәтбаевтың ауылы Баянауылға және өз туған ауылыма әлем және қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын, танымдық-ағартушылық әдебиеттерді тарту еткенін баса атап өтті.

Алдыңғы жазбаҚазақстанда жаңа комитет құрылды
Келесі жазбаШыңғыс хан тарихы – ол қазақтың тарихы!