АҚШ президенті Дональд Трамп Әлемдік сауда-саттық соғысын бастады деуге болады. 185 мемлекеттен келетін тауарларға баж салығын енгізді. Баж салығы 10 -50 пайыздың көлемінде деп көрсетілген. Соның ішінде АҚШ-қа Қазақстаннан баратын тауарға 27 пайыздық салық салынбақ.
Трамп салық салынатын елдердің тізімін жариялай салысымен ол елдегі Азия және Қытаймен жұмыс істеп отырған ірі компаниялардың құнды қағаздары бірден құлап, қысқа уақыт ішінде 2 триллион долларды жоғалтқан көрінеді. АҚШ-тың Салық саясаты Қазақстанға қаншалықты әсер етеді? Бұл жөнінде кейінгі жазбаларымызда сараптап бере жатармыз. Дегенмен екі ел арасындағы сауда-саттық үлген деңгейде емес екенін айтқымыз келеді. Мәселен, 2022 жылы Қазақстан АҚШ-қа 1,1 миллиард доллардың тауарын экспорттаса, ол жақтан 1,9 миллиард тауарды импорттапты. Ал, 2024 жылы сауда саттық төмендеген. Қазақстанан АҚШ-қа 9584,8 млн (9,1%) азайған) тауары экспортталыпты. Ал импорт 17063,2 млн доллар (4%) көбейген. Қазақстан негізінен АҚШ-қа мұнай, тантал, қорғасын, уран тб. тауарларды экспорттап келеді.
Әлемдік шу туғызған бұл сауда соғысының арты немен тынады? Қытай және Азия елдері, Еуроодақ енді қайтпек? Оларда АҚШ-қа қарсы тарифтік һәм алым-салық «ұрысын» бастай ма? Келесі жазбамызда нақтылап айтатын боламыз.