Home Жаңалықтар Таразда 5 қабатты үй өртенді

Таразда 5 қабатты үй өртенді

142

30 мамыр күні кешкісін Тараздағы бес қабатты тұрғын үйден үлкен өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

19:34-те «101» пультіне 5-ші ықшамаудандағы бес қабатты үйдің өртенгені туралы хабар келді. Өрт сөндірушілер 19:38-да келгенде, үйдің шатыры түгелдей ашық отқа оранып жатқан.

171 тұрғын үйден көшірілді, оның ішінде 42 бала бар. 20 адам оттан құтқарылды, оның бесеуі бала.

Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 22:11-де толық сөндірілді.

Алдыңғы жазбаҰлттық экономика министрі отставкаға кетуге өтініш жазуы мүмкін
Келесі жазбаҚадір түнін қалай қарсы алу керек?