Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өткен демалыста мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жегін тамашалауға барған болатын. «Канело» кездесуден соң осыған қатысты пікірін айтты
«Оған менің фанатым болған ұнайды», – деп әзілмен жауап берді Альварес.
Естеріңізге салсақ, Альварес – Джейкобс кездесуінде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, «Канело» WBC және WBA (Super) титулдарын қорғап, Джейкобсқа тиесілі IBF белбеуін еншілеген.
Бұл жекпе-жекті тамашалау үшін Головкин арнайы барған болатын. Кездесуден соң ол Альварес – Джейкобс жекпе-жегінің іш пыстырарлық болғанын айтқан.