Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали хабарлады.
— Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды араламақ. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғам өкілдерімен, көпбалалы аналармен, жастар және кәсіпкерлермен кездесуі жоспарланып отыр, — деді Берік Құрманғали.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне арналған салтанатты шараларға қатыспақ.
































