Home Жаңалықтар 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы

25 сәуірге арналған ауа райы болжамы

173

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, әлі күнге дейін еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, оңтүстік және оңтүстік-шығысында катты жаңбыр жауады.

Батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде тұман түсіп, желдің күшеюі сақталады, найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерінде екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін, бұршақ жаууы мүмкін, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында – тұман түседі.

Павлодар облысының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Маңғыстау облысында түнде және таңертен кей жерінде тұман түсуі мүмкін.

baq.kz

Алдыңғы жазбаҚордай тас жолында апатқа ұрынған автобустың тағы бір жолаушысы көз жұмды
Келесі жазбаКөп балалы аналар Сапарбаевқа жәрдемақы алудағы қиындықтарды айтты