Home Жаңалықтар Қазақстанда балаға берілетін жәрдемақыға жаңа норма енгізу ұсынылды — Ел жаңалықтары

Қазақстанда балаға берілетін жәрдемақыға жаңа норма енгізу ұсынылды — Ел жаңалықтары

266

2020 жылдан бастап баланың анасы жұмысқа шыққысы келген жағдайда оған бала күтіміне берілетін жәрдемақы әрі қарай да берілуі мүмкін. Мұндай ұсынысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік Мәжіліс барысында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» туралы заңнаманың жаңа нұсқасын таныстырды.

«Жаңа туған сәбилер мен олардың ата-аналарын қамтамасыз ету мақсатында бала бір жасқа толғанға дейін ата-анасы жұмысқа шықса немесе кәсіпкерлікпен айналысса да оларға әлеуметтік жәрдемақыны төлеуді жалғастыра беру ұсынылады», — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Әр елде бала туғанда берілетін жәрдемақы қандай

Оның айтуынша, мемлекеттік қордан бөлінетін жәрдемақы мемлекеттік жәрдемақының мөлшеріне дейін төмендетіледі.

Сондай-ақ, Жақыпова 2020 жылы бала бір жасқа толғанға дейін берілетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бір бала үшін 15 050 теңге, екі балаға — 17 794 теңге, үш балаға — 20 512 теңге, ал төрт және одан да көп бала болған жағдайда 23 255 теңге болатынын айтты. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаКез келген тапсырманы орындай алады — Жақыпова Әбілқасымованың тағайындалуы жайлы — Ел жаңалықтары
Келесі жазбаАсқар Мамин: Президент бастамалары іске асырылады — Ел жаңалықтары