Home Жаңалықтар «Канело» орта салмақтағы ең мықты екі боксшыны атады — Бокс

«Канело» орта салмақтағы ең мықты екі боксшыны атады — Бокс

246

Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (51-1-2, 35 КО) дивизионындағы үздік екі боксшыны атады, — деп хабарлайды Vesti.kz порталы BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап. 

«Канелоның» айтуынша, мұндай атаққа оның өзі және келесі қарсыласы IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) лайықты екен.

«Біздің орта салмақтағы ең мықты боксшы екеніміз — нағыз шындық. Джейкобс — әлем чемпионы, тамаша боксшы. Мақсатым — мықтылармен жұдырықтасу. Дэниэл — бойынан мін табу қиын, салмақты қарсылас. Бапкерім Эдди Рейносо мұндай боксшыға қарсы не істеу керегін біледі, менің міндетім — тыңдау және орындау. Егер импровизация қажет болса, істеймін», — деді Альварес.

Альварес пен Джейкобс арасындағы белбеулер біріктірілетін жекпе-жек 4 мамырда Лас-Вагастағы T-Mobile аренасында өтеді. Екі боксшы да белбеулерін алғаш рет қорғайды. 

Айта кетейік, бұрындары екі боксшы да осы салмақта қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаРесейлік шоумен «Брат-3» фильміне кімдер түсуі мүмкін екенін айтты — Жаһан
Келесі жазбаӨзім барып тексеремін — Байбек жол сапасы жайлы — Жылжымайтын мүлік