Home Жаңалықтар 2018 жылы қанша қазақстандық Ресейге көшті? — Ел жаңалықтары

2018 жылы қанша қазақстандық Ресейге көшті? — Ел жаңалықтары

283

Ресейге барып жатқан мигранттар саны бойынша Қазақстан рейтингте екінші орын тұр, — деп хабарлайды РИА Новости.

Росстат мәліметінше, 2018 жылы Ресейге келуші мигранттар саны бойынша Тәжікстан бірінші орын алған — 31 мың адам, екінші орында Қазақстан — 25,5 мың адам. 

«2018 жылы ТМД-ға мүше елдер бойынша барлық елдермен халық алмасуда көші-қон өсімінің қысқарғаны байқалады», — делінген ведомство хабарламасында. 

Басылым мәліметінше, өсім тек Түркменстанмен көші — қон алмасуында өткен жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға — шамамен 3 мың адам, Армениямен 2,6 пайызға — 14,4 мың және Әзірбайжанмен 1,6 пайызға-8,7 мың адамға артқан.

Украинадан Ресейге мигранттардың келуі үш есеге қысқарған: 2017 жылы — 47 мыңнан аса адам, ал 2018 жылы — 14,8 мың адам.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба13 жастағы америкалық өз үйінде термоядролық реактор құрастырды — Жаһан
Келесі жазбаДанияр Елеусіновтің ағасы мексикалық қарсыласын 10 секундта жеңді — Бокс