Home Жаңалықтар Microsoft өкілдері Internet Explorer браузерін пайдаланудан бас тартуды ұсынды — Ғаламтор

Microsoft өкілдері Internet Explorer браузерін пайдаланудан бас тартуды ұсынды — Ғаламтор

232

Microsoft компаниясының киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Крис Джексон (Chris Jackson) Windows IT Pro ресми блогында Internet Explorer браузерін пайдаланудың қауіпті екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның себебі Microsoft браузерді жаңартуды 2015 жылдан бері тоқтатқан. Internet Explorer жаңа веб-стандарттарды көрмейді, яғни ол ескірген. Бірақ, көптеген сайт пен сервер, браузерді әлі де негізгі браузер ретінде қолданады. Керісінше, Google Chrome, Firefox және Microsoft Edge сияқты браузерлерді дұрыс пайдаланбайды.

«Internet Explorer — басқа бағдарламалармен сәйкестендіру үшін жасалған браузер. Қазіргі уақытта ол жаңа веб-стандарттарды көрмейді, көп қолданушылар оны қолданғанымен, қазіргі кезде браузер мүлде жаңармайды», — деді Крис Джексон. 

Microsoft компаниясы жақын арада жаңартылған Chromium базасында жасалған Microsoft Edge шығармақшы. Ол Windows 10-нан бөлек, Windows 7, Windows 8, Mac, Linux-та да қолданылады екен. Джексонның айтуынша, Microsoft Edge веб-стандарттарды өзгертуде бірінші болатынын айтты.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаИсатай Сартаев «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болды — Ел жаңалықтары
Келесі жазбаҒабит Байжанов «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне қайта тағайындалды — Ел жаңалықтары