Home Қоғам Халықтық құрылыс: Тоқаев комиссия құрамын бекітті

Халықтық құрылыс: Тоқаев комиссия құрамын бекітті

9

Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша қаражат жұмсалуына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссия құрамын бекітті

Жарлық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» жарлыққа қол қойды.

Мемлекеттік комиссияның міндеті – бағдарлама жобалары уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, бюджет қатеріне, бөлінген қаражат тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.

Бағдарламаны іске асырудың жоспарлау мен қаражатты бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңі бақылауға алынады.

Мемлекеттік комиссия мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құнына және заңдылығына мониторинг жүргізіп, қауіп деңгейі жоғары жобаларды анықтайды және кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлейді.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысына жүргізілген мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсандық және жылдық есеп ұсынылады.

Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы белгіленді.

Комиссия құрамына кімдер кірді?

Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді.

 

  • Жоғары аудиторлық палата төрағасы — комиссия төрағасы;
  • Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі — комиссия төрағасының орынбасары;
  • Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының басшысы;
  • Премьер-министрдің бірінші орынбасары;
  • Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
  • Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;
  • Бас прокурордың орынбасары;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары;
  • Ұлттық банк төрағасының орынбасары;
  • Елорданың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихат төрағалары;
  • Аймурзина Айнұр Жеңісбекқызы – Dos.co жеке қорының директоры;
  • Айтуғанов Қайрат Қапарұлы – Құрылтай депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі;
  • Антоненко Андрей Иванович – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, дипломатиялық қызмет ардагері;
  • Байрамуков Ислам Ильясович – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жамбыл облысы қарашайлар мен балқарлардың этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, еңбек сіңірген спорт шебері, XXVII жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері;
  • Баткеев Біржан Бақытбекұлы – «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
  • Бекбауов Нұрбек Серікұлы – Qazaqstan телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі;
  • Беркімбаев Берік Серікұлы – Құрылтай депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі;
  • Годунова Наталья Николаевна – Құрылтай депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы;
  • Есімханов Сұңғат Қуатұлы – Құрылтай депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті төрағасының орынбасары;
  • Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы;
  • Захарчук Вера Николаевна – «24.kz» телеарнасындағы «Народная стройка» бағдарламасының журналисі;
  • Зенченко Геннадий Геннадьевич – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Epi, «Зенченко и компания» коммандиттік серіктестігінің бас директоры;
  • Изюмников Владимир Николаевич – «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы» жастар қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы;
  • Исмаилов Акбаржон Яхияхожаевич – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Республикалық тәжік этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • Кәрінова Шолпан Таңатқызы – Құрылтай депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі;
  • Ким Вера Александровна – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Ұлттық еріктілер желісі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы;
  • Күнәділов Төлеген Нығыметжанұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Астана қаласының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы;
  • Кучинская Юлия Владимировна – Құрылтай депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі;
  • Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы – журналист, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
  • Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі;
  • Қасымбаев Мейрхат Мейрамханұлы – Құрылтай депутаты, Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің мүшесі;
  • Қожаев Марат Шәдетханұлы – Құрылтай депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Лукин Андрей Иванович – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері;
  • Манжанова Ирина Рихардовна – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің мүшесі;
  • Мусин Манат Айтбайұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі;
  • Нұралдинов Олжас Елтайұлы – Құрылтай депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің мүшесі;
  • Перепечина Ольга Валентиновна – Құрылтай депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы;
  • Пономарёв Сергей Михайлович – Құрылтай депутаты, Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің мүшесі;
  • Сағынов Замир Садықұлы – Құрылтай депутаты, Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің мүшесі;
  • Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы – Құрылтай депутаты, Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің мүшесі;
  • Ташқынбаев Ренат Фаритұлы – журналист, ақпараттық шолушы, YouTube арнадағы «Другие места» жобасының авторы және жүргізушісі;
  • Үлжекова Нұргүл Төленқызы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының басшысы;
  • Шин Андрей Антонович – кәсіпкер, «Шин-Лайн» компаниялар тобының негізін қалаушы;
  • Шиповских Геннадий Геннадиевич – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жастар үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі;
  • Шони Риат Жабайұлы – «24.kz» телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі;
  • Шөжеева Азиза Тимурқызы – GovTech & AI Foundation қоғамдық қорының басшысы, TechnoWomen Non-profit Organisation коммерциялық емес ұйымының басқарма төрағасы;
  • Шөнеев Сәлімбай Егембердіұлы – Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығының төрағасы;
  • Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы.
Алдыңғы жазба«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА»: ЕКІ БАСШЫНЫҢ ҰСТАЛУЫМЕН МӘСЕЛЕ ШЕШІЛЕ МЕ, ӘЛДЕ БҮКІЛ ЖҮЙЕНІ ӨЗГЕРТУ КЕРЕК ПЕ?
Келесі жазба“Қазатомөнеркәсіптің” екі топ-менеджерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтады