Home Қоғам 2026 жылдан бастап көлік салығы өзгереді

2026 жылдан бастап көлік салығы өзгереді

71

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) көлік салығына қатысты негізгі өзгерістерді жариялады.

Негізгі өзгерістер

  • Пайдаланылған мерзімге қарай коэффициент:

    • 10–20 жыл – 0,7

    • 20 жылдан асса – 0,5

    Салық жыл қорытындысы бойынша есептелетіндіктен, 2026 жылға арналған салық 2027 жылы төленеді.

  • Қозғалтқыш көлемі 3000 см³-ден асатын көліктер (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өндірілген немесе әкелінген) үшін жоғары мөлшерлемелер алынып тасталды.

  • Фермерлерге жеңілдік: бір шаруа немесе фермер қожалығы бір пикапқа салық төлемейді.

  • Көлік санаты енді тек тіркеу куәлігіндегі басқару құқығы бойынша анықталады (A, B, C, D).

  • Салық есептілігі жеңілдетіледі: 2026 жылдан бастап тек жылдық декларация тапсырылады, ағымдағы төлемдер есебі талап етілмейді.

Алдыңғы жазбаВенесуэла мен Иран сабақтары: Қазақстан нені түсінуі керек?
Келесі жазбаИран тағы да толқыды: Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?