Сергей Хорошун ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының бұйрығымен Хорошун Сергей Михайлович Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
Хорошун 2006 жылдың қыркүйегінен бастап Астана әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
































