Home Жаңалықтар Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 3 бала газдан уланды — Тосын жай

Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 3 бала газдан уланды — Тосын жай

226

Қарағанды облысында тоғыз қабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өрт шығып, 13 адам құтқарылды. Олардың жетеуі — балалар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.

Бұл оқиға 4 ақпанда болған. ТЖД мәліметінше, үш бала ауруханаға жеткізілген.

«Сағат 22.12-де өрт сөндіру қызметіне Октябрь ауданы №15 ықшамаудандағы тоғыз қабатты үйден өрт шыққаны жайлы хабарлама келген. Өрт үйдің 8-қабатында шыққан, аумағы — 10 шаршы метр. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер 13 адамды құтқарды, жетеуі — балалар. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, 22.43-те толықтай сөндірілді. 2011, 2014 және 2018 жылғы үш бала газдан уланып ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаКөп балалы аналардың көз жасы…
Келесі жазбаСағынтаев Астанада өрттен қаза тапқан балалардың оқиғасынан кейін тапсырма берді — Ел жаңалықтары