Home Жаңалықтар Шүкеев көкөністі арзандатуға уәде берді — Нарық

Шүкеев көкөністі арзандатуға уәде берді — Нарық

222

Премьер-министрдің орынбасары — ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеев көтерме орталықтары арқылы көкөніс бағасын төмендетуге уәде берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Шымкентте маусымында сәбіз бағасы (бір келі) 43 теңге болады. Астанаға жеткенше — 150 теңге болады. Үш есе қымбаттайды, себебі арасында делдалдар көп. Сіз бізге ірі қалаларда көтерме-таратушы орталықтар желісін дамытуды тапсырған едіңіз. Бұл бағытта Қарағанды облысы жақсы жұмыс істеп жатыр. Наурызда көтерме-таратушы орталықты 72 мың шаршы метрге жеткіземіз. КТО бірден үш делдалды қысқартады: сатып алушы, көтерме сатып алушы және ұсақ көтерме сатып алушы. Сол кезде ірі қалаларда баға түсетін болады», — деді Шүкеев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

 Президент осы бағытта белсенді жұмыс атқаруды тапсырды. 

«Егер сіздер егін уақытында қажетті алаңды дайындайтын болсаңыздар, қыстың кезінде де тұрақты бағамен сатуға мүмкіндік аласыздар», — деді Назарбаев. 

Өмірзақ Шүкеев осындай орталықты Астанада құру жоспары барын айтты. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба«Ұялатын ештеңесі жоқ». Елбасы министрлерді қазақстандық киім киюге шақырды — Ел жаңалықтары
Келесі жазбаАстанада боран соғады