Home Жаңалықтар Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 369-ға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 369-ға жетті

258

Қызылорда облысында тағы 6 адам коронавирус жұқтырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам Қызылорда облысында тiркелдi.

«Қазақстандағы коронавирус бойынша 1 сәуірдің 11.50 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам, Алматы қаласында — 84 адам, Қарағанды облысында — 14 адам, Ақмола облысында — 16 адам, Атырау облысы — 16 адам, Жамбыл облысында — 3 адам, Шымкент қаласында — 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам, Алматы облысында — 8 адам, Ақтөбе облысында — 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 3 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 24 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, Түркістан облысында — 5 адам, жалпы 369 науқас тіркелді», — делінген хабарламада.

Алдыңғы жазбаҚазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 340-қа жетті
Келесі жазбаҚазақстанда коронавирустан үшінші адам қайтыс болды