Home Жаңалықтар Ақтөбеде бір адам коронавирус жұқтырды

Ақтөбеде бір адам коронавирус жұқтырды

267

Ақтөбеде бір адам коронавирус жұқтырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыздағы 20.30 сағ. жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Ақтөбе облысында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында — 23 адам, Қарағанды қаласында — 2, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, жалпы 58 науқас тіркелді», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтанда 2 адам және Алматыда 1 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Олардың біреуі — 1976 жылы туған шетелдік азамат, Қазақстанға бүгін түнде Лондоннан ұшып келген. Екінші адам — 1970 жылы туған Қазақстан азаматы. Екеуі де стационарда. Жағдайлары қанағаттанарлық.

Алматыда тіркелген 1992 жылы туған қыз. Науқас 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген коронавирус анықталған адаммен байланыста болған. Қазір стационарға карантинге жатқызылды .

Алдыңғы жазбаҚазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 57-ге жетті
Келесі жазбаКоронавирус: Италияда бір тәулікте 793 адам қайтыс болды