Нұр-Сұлтанда тағы 3 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, — деп xабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгінде Қазақстанда барлығы 52 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда — 22 адам, Нұр-Сұлтанда — 28, Қарағандыда — 2 адам.
Бұған дейін Алматыда коронавирустың 10 ошағы анықталған. COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстан билігі 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялады. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды.
































