Қазақстанда коронавирустық инфекцияның бес жаңа дерегі тіркелді: Алматыда — үшеу, Қарағандыда — екеу, деп хабарлайды zakon.kz.
«Коронавирустық инфекцияның тағы 5 жағдайы анықталды. Бүгінгі таңда республикамызда коронавирустың 49 жағдайы расталды, оның 22-і — Алматыда, 25-і — Нұр-Сұлтанда, екеуі — Қарағандыда», деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
































