Home Жаңалықтар Әлемдегі ең қымбат футболшылардың жаңа рейтингі жарияланды

Әлемдегі ең қымбат футболшылардың жаңа рейтингі жарияланды

145

CIES Football Observatory зерттеу орталығы әлемдегі ең қымбат футболшылардың жаңа рейтингін жариялады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізімде көш бастап тұрғаны «Пари Сен-Жермен» әрі Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе өз орнын сақтап қалды, оның құны 265,2 миллион еуроға өскен. Екінші орынға «Манчестер Сити» клубының әрі Ұлыбритания құрамасының сұрмергені Рахим Стерлинг (223,7 миллион еуро) көтерілді. Үздік үштікке «Ливерпуль» клубының және Мысыр құрамасының вингері (жартылай қорғаушысы) Мохамед Салах (175,1 миллион еуро) жайғасты.  Шабуылшылар Лионель Месси («Барселона») мен Криштиану Роналду («Ювентус») рейтингте позицияларын жоғалтып жатыр. Аргентиналық (125,5 миллион еуро) сегізінші орынға түсті, ал португалиялық (80,3 миллион еуро) 49-орынға.  Ең қымбат футболшылар тізімі: 1. Килиан Мбаппе («Пари Сен-Жермен», Франция) – 265,2 миллион еуро 2. Рахим Стерлинг («Манчестер Сити», Ұлыбритания) – 223,7 3. Мохамед Салах («Ливерпуль», Мысыр) – 175,1 4. Джейдон Санчо («Боруссия» Дортмунд, Ұлыбритания) – 168,9 5. Садио Мане («Ливерпуль», Сенегал) – 155,6 6. Гарри Кейн («Тоттенхэм Хотспур», Ұлыбритания) – 150,5 7. Маркус Рашфорд («Манчестер Юнайтед», Ұлыбритания) – 134,3 8. Лионель Месси («Барселона», Аргентина) – 125,5 9. Антуан Гризманн («Барселона», Франция) – 123,6 10. Лаутаро Мартинес («Интер», Аргентина) – 115,7

Алдыңғы жазбаШұғыл. Иранда 180 жолаушысы бар украиналық ұшақ құлады
Келесі жазбаИранның атом электр станциясы маңында екі рет жер сілкінді