Home Жаңалықтар 9 жастағы атыраулық қыз халықаралық турнирде қола жүлде алды – Спорт

9 жастағы атыраулық қыз халықаралық турнирде қола жүлде алды – Спорт

69

22 – 24 наурызда Польшаның Марки қаласында 2010 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында дзюдодан Same judo Cup 4 халықаралық турнирі өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Жарысқа әлемнің 20-дан аса елінен 1250 дзюдошы қатысқан. Бұл турнирде Қазақстанның намысын Атырау обылысы Исатай аудандық «БАРЫС» балалар жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті Жұмажан Інжу қорғады. Ол 28 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен. 

Інжу өзінің алғашқы кездесуінде германиялық қарсыласынан ұтылып қалды. Әйтсе де, кейінгі белдесулерде Франция, Польша, Румыниядан келген дзюдошыларды ұтып, қола медаль үшін күрескен. Шешуші айқаста ол польшалық спортшыны жеңіп, турнирдің қола медалін иеленді. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚазақстандықтар жиі қолма-қол ақшасыз есеп айырысатын болған – Қаржы-қаражат
Келесі жазбаАқтөбеде Кеңес Одағы Батырының ұрпағы, тоғызыншы сынып оқушысы қайтыс болды – Тосын жай