Home Басты жазба 600 миллион  долларды  кімнен талап етеміз?

600 миллион  долларды  кімнен талап етеміз?

42

Осыдан  біраз күн  бұрын украиндық  дрондар Ресейдің  Краснодар  өлкесіндегі  Каспий  мұнай құбыры консорциумына  тиселі «Кропоткинская»  мұнай айдау бекетіне шабуыл  жасағаны белгілі. Ресей  жағы бекетке  айтарлықтай  зақым келгені  һәм   екі ай  көлемінде жөндеуге  тоқтайтынын,  мұнай тасымалы кем  дегенде  30  пайызға дейін төмендейтінін   хабарлаған. 

Осы  мұнай құбыры арқылы  еліміздегі  «Теңіз», «Қашаған» және  «Қарашығанақ» мұнай   кеніштерінде  өндірілген мұнай толығымен тасымалданып,  Қара теңіз  жағасындағы Новороссийск қаласында  танкерлерге  тиеліп,   Еуропаға  жөнелтілетін. Мұнай  тасымалының  30  пайызға  төмендеуінен  600 миллион  доллар яғни  300 миллиард  теңге Қазақстан  жағы жоғалтады екен.  Аз  қаржы  емес.  Ал,  мұның өтеуін кімнен  сұраймыз? Украина  әлде  Ресей?  Украинаға агрессорды  тоқтату  үшін  Ресейдің стратегиялық орындарын атқылау,  жою заңдылық.  Оған  дау айту қиын. Ал,  өз  жерінде орналасқан  нысандардың  қауіпсіздігіне  Ресей  жауап  беруге  тиіс!  Каспий  мұнай құбыры консорциумның жарғысында  солай көрсетілген.  Демек,  біз 600  миллион  долларды  Ресейден сұрауға   тиіспіз.  Бірақ  мұны  Кремльден  талап етуге Ақорданың  құдіреті  жете  ме? Ендігі  мәселе  осы  болмақ!

Алдыңғы жазбаПеризат Қайраттың анасы да қылмыстық істің фигуранты болды
Келесі жазбаҚазақстанда Ұлттық қордан бөлінген ақша қайда жұмсалғаны тексеріледі