Home Жаңалықтар 22 наурызда Алматы толықтай жабылады

22 наурызда Алматы толықтай жабылады

42

Алматылықтарға қалаға оралуға 72 сағат берілді. Дәл осы уақыт ішінде облыс пен өзге өңір тұрғындары қаладан шығып үлгеруі керек. Ал 22 наурызда Алматы толықтай әуе және теміржол қозғалысын тоқтатады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы арнайы брифингте Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді.

«22 наурызда сағат 00.00-ден бастап теміржол және әуе қозғалыстары толықтай тоқтатылады», – деді ол.

Еске садайық, Алматыда карантин 19 наурызда сағат 00.00-ден бастап енеді. Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 35 адам коронавирус жұқтырған.

Алдыңғы жазбаӨзбекстанда Гүлнара Каримова 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айрылды
Келесі жазбаЕрдоғандай ер қайда?!